КАЗГЮУ-да мектеп мұғалімдеріне арналған ағылшын тілінен олимпиада өткен


2018 жылғы 1 – 30 сәуір аралығында КАЗГЮУ Университетінің Ағылшын тілі департаменті республикалық мектеп мұғалімдері арасында ағылшын тілінен қашықтық олимпиаданы өткізді. Олимпиадаға Астана, Қарағанды, Теміртау, Лисаковск қалалары мен басқа да елді мекендерінен жетпіс алты оқытушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мұғалімдердің ағылшын тілін оқыту әдістемесі саласындағы лингвистикалық және пәндік құзыреттілігінің деңгейін арттыру болды.
Олимпиада үш кезеңнен құралған: Педагогика (20 балл), Оқыту әдістемесі (30 балл) және дәлелдемелік эссе (50 балл).
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған мектеп мұғалімдері:
1-орын – Божинская Оксана Владимировна, «Жетіқара ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ «Гимназия» КММ;
2-орын – Ажибекова Гуля, «Жезқазған қ. № 22 ЖББМ» КММ;
3-орын – Райн Вера Александровна, Лисаковск қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің «№ 4 орта мектебі» КММ;
3-орын – Фаузер Татьяна Сергеевна, «Жетіқара ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ «Гимназия» КММ;
3-орын – Исмагулова Алла Маданьятовна, «Жетіқара ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ «Гимназия» КММ.
Ағылшын тілі департаменті жеңімпаздарды құттықтайды және барлық мұғалімдерге осы олимпиадаға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдіреді.