KAZGUU-да республикалық жаппай «Qazaqsha dıktant» ұйымдастырылды

M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıtetinde 2019 жылдың 17 қазанында республикалық жаппай «Qazaqsha dıktant» ұйымдастырылды.

Диктант шымылдығын А.Байтұрсынұлы атындағы Білім академиясыныңдиректоры Ұ.О.Еркінбаев пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры А.С.Шәуеев мырзалар құттықтау сөзбен ашып берді.

«Qazaqsha dıktant» жазуға ниет етіп келгендердің қатарында: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Шәкәрім атындағы СМУ, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ, «Tildaryn» облыстық тілдерді дамыту орталығы (Қостанай қ.), Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ сияқты ЖОО мен мекемелердің оқытушылары мен қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласының студенттері мен қонақтары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 120-дан аса.

Диктанттың ерекшелігі – жастар жылына арналған мәтін қазақ тілінде оқылып, латын әліппесінде (графикасында) жазылды. Диктант нәтижелері бойынша жеңімпаздар марапатталады деп күтілуде.