Қоғамның саяси, экономикалық, халықаралық және т.б. салаларында мақсаттың өзгеруі, индустриалды қоғамнан постиндустриалды және ақпаратты қоғамға өту жағдайында, оқу жүйесіне деген талап өзгеріп, оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Факультет қазір заман талабына сай дамып, өзгеріп жатыр.

Жалпы білім беру пәндері факультетінің мақсаты – студентке университеттің жоғарғы курстарында қажет болатын академиялық дағдыларын жетілдіру және дамыту, сонымен бірге этикалық құндылықтар сияқты түсініктерін қалыптастыру.

Жалпы білім беру пәндер мектебінің білім беру бағдарламасы құзыреттілікке негізделіп, қалыптастыру мен дамытуға бағытталған:

1. сауаттылық;
2. қарым-қатынас және серіктестік дағдылар;
3. сыни тұрғыда ойлау;
4. базалық зерттеу дағдылары;
5. этикалық нормалар призмасы арқылы пайымдай алу;
6. толеранттылықты сезіну.

Жалпы білім беру аясындағы бағдарламалар университеттегі білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мектеп ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, білікті мамандардың қонақ дәрістерін, мемлекеттік институттар бойынша экскурссиялар, Қазақстанның тарихи жерлері мен қоғамдық ұйымдарына түрлі экскурссиялар ұйымдастырады.

Жалпы білім беру пәндері мектебі M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мектеп 2014 жылдың 1 тамызында жалпы білім беру пәндері аясында бірінші курс студенттерін кіріспе бағдарламасына даярлау мақсатында құрылған. Мектеп университеттің барлық мамандықтарына қызмет көрсетеді.

Біз өз студенттерімізге мамандықты табысты игеруге жағдай жасаумен қатар, жеке тұлға ретінде қалыптасып, кәсіби тұрғыда өсуіде де қамтимыз.