КАЗГЮУ -де ЖБДжТДЖМ студенттерінің ата-аналарына арналған форум өтті

2015 жылдың 21 қарашасында Жалпы білім беру дисциплиналары және тілдік дайындау жоғары мектебі ата-аналар форумын ұйымдастырды. Іс-шара КАЗГЮУ Университетінің Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Сұлтанұлы Нарықбаевты еске алуға бағышталған үнсіздік сәтінен басталды. 1 курс студенттері Абай Кунанбаевтың «Ескендір» поэмасы бойынша театрлық қойылымымен қатысты.

Форумда Жалпы білім беру дисциплиналары және тілдік дайындау жоғары мектебінің директорыР.К. Жолаев,Жастар саясаты және патриотық тәрбиелеу бойынша проректор А.Н.Перзадаев, Оқушыларға қызмет көрсету орталығының (студенттерге арналған ХҚО) директоры Е.А.Аглаков, мұражай директоры И.Б.Медешева, Қазақстан тарихы және жалпы білім беру бөлімі кафедрасының аға кураторы А.Т. Аязбаева шығып сөйледі.

Форумда жоғары сападағы мамандарды кәсіби даярлау, білім беру процесінің сапасы, студенттерді рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Ата-аналар оқу процесімен, университеттің даму стратегиясымен, мақсаттарымен және міндеттерімен жетік танысу мүмкіндігіне ие болды, ал оқытушылармен әңгімелесу барысында әрбір нақты студентке қатысты оқу үлгерімі туралы ақпараттар алды.