КАЗГЮУ Университетінде «Қазақстандағы қазіргі тілдік дайындық саясаты» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі

Жалпыға берілетін білім пәндері мен тілдік дайындықтар Жоғарғы мектебінде Қазақ тілі және орыс тілі кафедрасының оқу-әдістемелік базасында осы жылдың 23-27 қараша аралығында «Қазақстандағы қазіргі тілдік дайындық саясаты» тақырыбында ғылыми-әдістемелің семинар өткізіледі. Семинар Астана қаласының білім Басқармасымен біріге отырып, Салық Зиманов атындағы негізгі және қолданбалы ғылымдар академиясын дамыту бағдарламасының аясында өткізілмек.

Семинардың негізгі көрермен-тыңдаушылары – Астана қаласындағыорта мектеп, колледж, лицей, гимназиялардың педагогтары. Семинардағы жұмыстардың ашылуындағы алғашқы кіріспе сөзін «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма бастығының орынбасары, Салық Зиманов атындағы негізгі және қолданбалы ғылымдар академиясын дамыту бағдарламасыныңДауленов М.М.,ВШ ОДиЯП директоры Жолаев Р.К., Астана қаласының Білім басқармасының аға маманы Абуова М.А. бастап берді.

Ашылу салтанатында тыңдармандарға «КАЗГЮУ Университеті» АҚ президенті Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлын еске алуға арналған деректі фильм көрсетілді, сонымен қоса, семинар мақсаттары мен талаптары, регламенттерді түсіндіріліп, семинар жоспары көрсетілген құжаттар тапсырылды. Семинарға «Қазақстандағы инклюзивті білім беру» тақырыбындағы ашық дәрісімен Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Бейсенова Ж.С. қатысты, доцент Дюсипбаева К.С. «Кәсіби қазақ тілін оқытудағы білім берудің интербелсенді әдістері» тақырыбында мастер-класс өткізсе, магистранттар Д.Оспанова мен А.Торгаева ағылшын тілінен деңгейлік тапсыруға дайындалудың тиімді жолдарымен бөлісті. Доцент Рахимова А.О. семинар барысында бағдарламадағы қосымша іс-шаралар туралы мағлұматтар беріп өтті.