КАЗГЮУ Университетінде ағылшын тілі олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттады

КАЗГЮУ Университетінің ағылшын тілі кафедрасы ұйымдастырған ағылшын тілі олимпиадасының нәтижелері анықталды. Жеңімпаздарды марапаттаау рәсімі олимпиаданың соңғы кезеңі өткізілген «Үш Би» оқу залында өткізілді. Қатысушылар «Ағылшын тілі өзін-өзі дамыту құралы ретінде» тақырыбында жоба қорғауға, сонымен қатар, жұмысында сыни тұрғыдан ойлау және талдау жұмыстарын біріктіре отырып Ағылшын тілінде қорғауға тиіс болатын. Олардың жетістіктерін құзыретті сарапшылар бағалады. Олардың ішінде ағылшын тілі кафедрасының өкілі Sucheta Chakraborty болды. Ол өз сөзінде «Университет студенттерінің дайындық деңгейі жоғары және қатысушылардың ағылшын тілінде сөйлеуі өте жақсы деңгейді көрсеткенін» атап өтті. Олимпиада жеңімпаздарына Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
1 орын – АртуроваМадина. ҚЖМ, Халықаралық құқық, КАЗГЮУ 2 курс
2 орын –Мунаева Милана, КазАТУ 1 курс, есептеу техникасы және бағдармалау
3 орын – СапашеваАсель, ҚЖМ, Халықаралық құқық, КАЗГЮУ 2 курс