1 курс студенттері үшін “Философия” пәнінен шын мәнінде Қазақстанның мақтанышы деуге тұрарлық “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрына саяхат ұйымдастырды

2016 жылдың 27 ақпанында модуль бойынша білім беру жүйесі аясында Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен 1 курс студенттері үшін “Философия” пәнінен шын мәнінде Қазақстанның мақтанышы деуге тұрарлық “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрына саяхат ұйымдастырды. Сәулет өнерінің ғажайыбы саналатын бұл театр әлемге атақты “Ла Скала” сияқты Миландағы, Корольдік театр сияқты Мадридтегі, Үлкен театр сияқты Мәскеудегі театрлардан өзінің кереметі жағынынан еш кем түспейді.
М-108(к), 109(к), 119(р), 120(р), 121(р) топтарының студенттері Л. Минкустің “Баядерка” балетіне барып қайтты. Балеттік әдеби дереккөзі ретінде “Шакунтала” драмасы мен Гетенің “Бог и баядерка” сияқты шығармалары алынған.
Сюжеттің негізіне – баядерка мен ержүрек батырдың қайғылы махаббаты туралы романтикалық шығыс аңызы алынған.
Студенттер мен оқытушылар аталмыш балет қойылымын үлкен қызығушылықпен тамашалады..