Астана қаласындағы діни ғиммараттарға саяхат

«Дінтану» пәнін оқыту аясында 2016 жылдың 19 сәуірінде ф.ғ.к., профессор Л.А.Умирзакова және доцент А.Н.Иманқұлмен ЮСП-102 және ФССП-101 топтарының студенттері үшін Астана қаласындағы діни ғимараттарға саяхат ұйымдастырылды.

Бірінші студенттер барған ғибадатхана қаладағы Басты католикалық кафедралды ғибадатханасы болды. Бұл ғимарат діни католикалық құрылымға тән ерекшелігімен 1999 жылы құрылған.  

Екінші ғимарат еврейлердің 2004 жылы салынған “Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасы болды. Синагога Еуразиялық Еврейлер Конгресі мен Қазақстан Еврейлері Конгресінің Президенті Александр Машкевичтің қолдауымен оның анасына құрмет көрсету ретінде салынған болатын. Басты залдағы тұғыр Иерусалимдегі Жылау қабырғасынан (Стена Плача) алынған тастың жарықшақ бөлшегі орнатылған. Раввин Шмуэль Карнаухпен сұхбаттасу студенттік аудиторияның ерекше қызығушылығын оятқанын атап өті керек. Ол иудаизм туралы қызықты мәліметтерімен бөлісті.

Үшінші ғимарат Астана қаласындағы қазіргі кездегі барлық ғимараттардан көне болып табылатын, 1856 жылы салынған православ шіркеуі – Константин-Елененский соборы болды.  

Барлық ғибадатханалардың өкілдері студенттермен сұхбаттасу кезінде діни ілімнің негіздері туралы, ғибадатхананың тарихы туралы әңгімелеп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.  

Әрине, бұл экскурсия қаланың барлық ғибадатханаларын қамтымады. Себебі біздің Елордада әлемдік діндердің барлығының діни ғимараттары бар. Дегенмен, аталған экскурсия студенттердің қызығушылығын оятып, православ, католицизм, иудаизм сияқты діндердің өкілдермен болған сұхбаттар оларға көптен бері мазалап жүрген кейбір мәселелеріне анықтық енгізуіне септігін тигізді.