КАЗГЮУ Қазақстан тарихын оқытудың жаңаша тиімді әдісін енгізуде

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ бірінші курс студенттеріне практикалық сабақтары арқылы Қазақстан тарихы мен мәдениетін оқытудың тиімді әдісін енгізуде. Өткен жылдан бастап университет Қазақстанның мәдени-тарихи мұраларын зерттеуге қатысты жобасын жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыруда бірінші курс студенттерінің елдің сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін көздерімен көруге және ата-баба мұраларымен, салт-дәстүрлерімен тікелей белгілі бір мекендерде танысуына мүмкіндіктері бар.  

Тәжірибе көрсеткендей аталған әдіс заң университеті студенттерінің оқу бағдарламасын анағұрлым тиімді меңгеруіне және практикалық тәжірибені жинақтауға ықпалдасады.  

Ағымдағы жылғы экскурсиялар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңына орайластырылған. Экскурсиялық сапар қазақстандық жас ұрпақты республиканың мәдени және тарихи мұрасына қатысты қызығушылықтарын оятуға, оны білуге тартуға бағытталған. 300-ден астам 1 курстың студенттері мен топ кураторлары елдің оңтүстік аймақтарына экскурсиялық сапарға барып, елдің танымал тарихи және мәдени көрнекті орындарын 29 сәуір мен 10 мамыр аралығында көріп, қайтты.

Саяхат республикалық және облыстық мәнді Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) сияқты қалалар мен аймақтарды қамтиды.  

Алматы облысындағы сапарға қатысушылар «Шоқан бұлағын», «Айқайқұм», «Бесшатыр» хан қорғандарын, «Шарын шатқалын», «Түрген сарқырамасын», «Есік» қорғанын, «Таңбалы» петроглифтерін көріп қайтты. Екінші экскурсанттар тобы Алматыда болып, Медеу, Көктөбе, Сұңқар халықаралық оңтүстік трамплиндер кешеніне барып, С.Демирел университетінің студенттерімен кездесіп қайтты. Оңтүстік Қазақстан облысында студенттер – Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерін көрді. Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен өзге де мәдени-тарихи орындарды көріп қайтты.      

КАЗГЮУ Университетінің директоры, бір топтың кураторы Изатхан Медешева бұл жобаның ұзақмерзімді екенін, әрі оның ең алдымен жастар ортасында отандық мәдениет пен тарихты дәріптеуге, қазақ халқының ежелгі құндылықтарына, дәстүрлеріне, сәулет өнеріне қатысты жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталғанын атап өтті.

Одан өзге осы сапардан алған ақпараттарын бекітуге студенттерге театрландырылған қойылымдар да көмектеседі. Мұнда олар қазақ тәуелсіздігінің орнығу кезеңдерін елестетіп, ұлттық қаһармандар мен тарихи кейіпкерлерді сомдауларына мүкіндіктері бар.