«Жас зерттеуші» және «Ұтымды силлабусты қалай жасауға болады» тақырыптарында семинарлар өтті

Еуропалық одақ Erasmus + университеттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында 2016 жылдың 11 және 13 мамырында КАЗГЮУ Университетінде «Жас зерттеуші» және «Ұтымды силлабусты қалай жасауға болады» тақырыптарында семинарлар өтті. Семинарға Қазақстан жоғары оқу орындарының 43 оқытушысы қатысты. Семинар модераторлары ретінде А.З.Алибекова  мен А.Б.Ибраева (ағылшын тілі кафедрасы, КАЗГЮУ Университеті, Қазақстан), Хенк Френкен және Элиз Сторк (Лейден Университеті, Нидерланды) қатысты.

«Ұтымды силлабусты қалай жасауға болады» семинарының мақсаты силлабус пен оқу бағдарламаларын жасауда құзіреттіліктерді анықтау, ұтымды силлабус жасау үдерісіне білім беру әдістерін біріктіру болып табылады. «Жас зерттеуші» семинарына қатысушылардың назарына ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың Қазақстандық стандарттарынан ерекшеленетін амалдары ұсынылды.  

Семинар аяқталған соң қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды.