Бірінші курс студенттері информатика пәнінің оқытушыларымен Астана қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып қайтты

18.05.2016 жылы «Ғылыми бағдар» модулі аясында университеттің бірінші курс студенттері информатика пәнінің оқытушыларымен Астана қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып қайтты. Саяхат жұмысы  модульдік оқыту жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, әрі ол ақпараттық-ағартушылық сипатқа ие. Саяхатты ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің маманы А.Е.Кусаинова өткізді. Студенттер кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып, электронды қорлар залын, ғылыми басылымдар залын, ортақ оқу залын, мультимедиялық және басқа да кітапхананың бөлімдерін көріп қайтты. Саяхат өте қызықты және мазмұнды болды. Студенттердің көпшілігі кітапхананың орқырмандары ретінде тіркелді. Айман Есенжоловна кітапхананың тарихы, қорда сақтаулы бірегей топтамалар туралы айтып берді. Студенттер сонымен қатар қор мен каталогтар құрамы туралы, кітапхана қызметкерлеріне ұсынылатын қызметтер туралы ақпараттандырылып, Ш.Уәлихановтың қолтаңбасы қойылған кітаптар мен сол дәуірдегі атақты адамдардың қолтаңбасы бар кітаптарын ұстап көру мүмкіндігіне ие болды.  

Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасы ҚР ҰАК-мен 2 жылдан астам уақыт тығыз қарым-қатынаста, оған студенттерді апарып, көрсетіп, кітапхана қабырғасында өткізілетін әр түрлі шараларға қатысып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар студенттер ««Әйелдер. Ескіліктер» тақырыбы бойынша ғажайып адамдармен «тірі» кітапханасында болып, «Отбасы күні» ойын-сауық бағдарламасына қатысты. Ұлттық Академиялық кітапхана қызметкерлері студенттер алдынщда ҚазҰЭК қызметтерін пайдалануға қатысты кеңестерін берді. Біздің студенттер мұндай саяхаттардың қажеттілігі мен маңызды екеніне сенімді.