КАЗГЮУ прфессорлары «Ұлы ашаршылық – тарих сабақтары және құрбандарға арналған құрмет» ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 сәуір 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында 2016 жылдың 30 мамырында Қазақтан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессорлары Л.К.Мукатаева, И.М.Акылбаева, Г.Ж.Султанғазы Астана қаласының Ішкі саясатын басқару бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлы ашаршылық – тарих сабақтары және құрбандарға арналған құрмет» ғылыми-практикалық конференциясында келесі тақырыптарда баяндамалар жасады: «А.Байтұрсынов: өмірін халқына берген», «1920-1940 жылдардағы Қазақстандағы тотолитаризм мен жаппай репрессиялау: тарихи естеліктер», «Қазақ зиялыларының қайғылы тағдырлары».Біздің оқытушылар конференцияның белсенді қатысушылары болды. Олар КАЗГЮУ-де Қазақстан тарихы сабағында студенттерге патриоттық тәрбие беру бағытында өткізілетін ауқымды жұмыстар мен шаралар туралы тұсаукесерлерді пайдалана отырып, айтып берді.   Конференцияға оқушылар, қаланың ғылыми жұртшылығы, білім беру жүйесінің өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасында өмір сүретін қазіргі ұлттардың ата-бабаларының саяси жер аударуы мен этностардың бірлігі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық зардаптары мен саяси қуғынның зияны туралы айтылатын тарих сабақтары талқыланып, жан-жақты қарастырылды.