«Академиялық жазылым және сыни ойлау» тақырыбы бойынша семинар

2016 жылдың 9 маусымында Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінде Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің лекторларымен бірге «Академиялық жазылым және сыни ойлау: курстардың институционалды ортада бейімделуі» тақырыбында кеңейтілген семинар өтті. Семинарға Назарбаев Университетінен: Ryan Tvedt, Katherine Lam, Brandon Brock, Lori Enns, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы мен Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Кафедралар КАЗГЮУ Университетіндегі «Академиялық жазылым мен оқылым» пәнінің мақсаты, құрылымы, міндеттері мен негізгі бағыттары туралы айтып өтті. Жобаның үйлестірушісі Ж.С.Бейсенова делегацияны таныстырып өтіп, семинардың негізгі мақсаты мен міндеттерін атап, академиялық жазылым бойынша дискуссияның бағытын көрсетіп берді.

Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің оқытушылары Lori Enns, Ryan Tvedt, Katherine Lam   семинарға қатысушылардың ерекше назарын аудартты. Олар курстың оқу бағдарламасының бөліктерін көрсетіп, академиялық жазылым мен сыни ойлау әдістемесі курсын әзірлеудегі кейбір сұрақтарға жауап берді.  КАЗГЮУ Университетінің оқытушылары академиялық мәтіннің құрылымы, жазылуы жөнінде тәжірибелерімен таныстырып, әріптестерге академиялық сауаттылықты құрайтын құзіреттіліктерді дамыту әдістемесіне қатысты сұрақтар қойды.

Осылайша, КАЗГЮУ Университетінің оқытушылары Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің өкілдерімен тәжірибе алмасып, академиялық жазылымға үйрету мен сыни ойлауды дамытуға қатысты ұсыныстар алды.