КАЗГЮУ оқытушылары «Астана марафон» қайырымдылық шарасының жүлдегерлері атанды

Фото: kursiv.kz

4 қыркүйекте, шуақ күннің таңында Қазақстан елордасында салауатты тұрмыс салтын насихаттауға арналған марафон басталды, осы шараға қатысу үшін шетелден көптеген қонақтар арнайы келді.

Қалада мейрам атмосферасы мен ерекше көңіл-күй орнаған секілді.
К. Мәсімов, Ә. Жақсыбеков, А. Мұхамедұлы, В. Левит, Д. Елеусінов және еліміздің басқа да танымал тұлғаларының осы марафонға қатысуы қатысушыларды шабыттандырып, бәсекелестік рухын берген іспетті.

Әлемнің 25 елінен келген 4500-ден астам желаяқтардың арасында КАЗГЮУ Университетінің қызметшілері де болды. Жүгіру жарыстарына Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары Ақтан Алдоңғаров, Нұрлыбек  Шаяхметов, Салтанат Садвокасова қатысты. Нұрлыбек Шаяхметов – «Астана марафон» қайырымдылық шарасының жүлдегері атанды. Сондай-ақ осы шараға Құқық жоғары мектебінің 3-курс студенттері Теңізбай Нұрбек, Майданов Ислам, Әскербай Қанат қатысып, спорт мерекесінің жүлдесіне ие болды. Марафон мақсаттарының бірі – мұқтаж жандарға көмектесуге қаражат жинау. Осы игі іске Университетіміздің үлесі қосылғаны өте қуантарлық жағдай.