Жалпы білім беретін пәндер және тілдік даярлық мектебінің профессор-оқытушылық құрамының халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысуы туралы

Жуырда Жалпы білім беретін пәндер және тілдік даярлық мектебінің  филол.ғ.д., профессор Ж.С. Бейсенова және т.ғ.к., профессор Л.К. Мукатаева 2016 жылдың
1 – 6 қазан аралығында Түркияның Ыстамбұл Университетінде өткен «Геомәдени кеңістікте гуманитарлық аспектілер» халықаралық форумының жұмысына қатысты. Форум аясында педагогикалық қызметтің мәдениаралық аспектілері, білім берудегі ақпараттық және смарт-технологиялар, халықаралық көші-қонның әлеуметтік-мәдени мәселелері, филология және билингвизм/заманауи қоғамдағы полилингвизм; әдеби көкжиектер секілді мәселелер талқыланды. Мектеп профессорлары заманауи тілді оқыту әдістемесінің мәселелері және гуманитарлық пәндер бойынша баяндама жасады, секциялық отырыстардың модераторлары болды, пікірталастарға белсенді қатысты.