КАЗГЮУ студенттері «Астана» вокзалының ғимаратында флешмоб өткізді

Университетіміздің студенттері «Астана – Жезқазған» пойызын күтіп отырып, уақытты босқа өткізбеу үшін вокзал ғимаратында керемет флешмоб ұйымдастырды. Ұлытауға сапарымен шабыттанған студенттер өз қуанышын ырғақты қозғалыс пен би арқылы білдірді. Қазақ тарихының бесігіне айналған Ұлытау әлге дейін Алаша хан мен Жошы хан кесенелері, Теректі-Әулиенің жартас суреттері секілді ежелгі көшпенді мәдениетінің іздерін сақтауда. КАЗГЮУ Университеті үшін бұл алғашқы сапар емес. Осыған дейін студенттер экскурсиямен Ұлы Жібек Жолының ежелгі шаһарларын, Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлерін аралаған болатын. Осындай экскурсиялар студенттердің туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттырып, ата-бабаларымыздың тағдыры жайлы сыр шертеді, Отан үшін мақтаныш сезімін оятады.