Қазақша жазып жарысайық!

2016 жылдың 26 қазан күні КАЗГЮУ университетінде «Қазақша диктант» мотивациялық жарысы өтті. Оған  университіміздің оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер мен студенттер, қала тұрғындары қатысты.

Жарыстың ерекшелігі – кез келген қатысушы университет радиосы арқылы өзіне қолайлы жерде жаза алды. 10 минутқа созылған шара үлкен үзіліс кезінде өтті.

Диктант мәтіні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ 70-сессиясында сөйлеген сөзінен алынды.

Жарыстың мақсаты – қазақша сауатты жазғысы келетіндерге жаңа форматта мүмкіндік алаңын ұсыну. Осы тұрғыда, КАЗГЮУ де алғаш рет өткен «Қазақша диктант» өз мақсатына жетті!