Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу төңірегінде мини-футболдан турнир

2016 жылдың 24 – 31 қазаны аралығында Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының дене шынықтыру оқытушылары КАЗГЮУ Университетінің спорттық залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында Жалпы білім беру пәндері мектебінің кубогына 1-курс студенттері арасында мини-футболдан турнирді ұйымдастырып, өткізді.

Турнирге 1-курстың студенттерінен құралған командалардың спортшылары белсенді атсалысып, нәтижесінде осы спорттық шараға 10 команда қатысты (ЛИОН,SKY KZ, GALAKSY B,HUNTERS,Favorite,Blak Star,Галактикос, ФК Торпедо,Дипломат,Запад).

 

Ойын қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

I орын–«GALAKSY B» командасы;

II орын – «SKYKZ» командасы;

ІІІ орын – «ЛИОН» командасы.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мектеп директоры Р.Қ. Жолаев Кубокпен және дипломдармен марапаттады.

Енді «GALAKSYB» командасы мини-футболдан қалалық Универсиадада Университет намысын қорғамақ.

Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасы турнирге барлық қатысушылар мен жеңімпаздарын құттықтап, қалалық Универсиадада табыс пен жеңіс тілейді!