«Академиялық сауаттылық және оны бағалау өлшемдері» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

Құрметті әріптестер!

 Сіздерді «Академиялық сауаттылық – ХХІ ғасыр талабы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысуға шақырамыз. Семинар 2017 жылғы 15 сәуірде Астана қаласындағы КАЗГЮУ Университетінде өтеді.

«Академиялық сауаттылық» термині әлемдік білім беру жүйесінде кең қолданылады. Осыған байланысты қазақстандық жоғары білім беру ісінде де академиялық сауаттылықты арттыру мақсатында КАЗГЮУ Университетінде бірнеше жылдан бері «Академиялық жазылым», «Академиялық адалдық» пәндері оқытылып келеді.

Академиялық жазылым дағдыларына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми мәтін құрастыруға, дереккөздермен, ақпараттар легімен жұмыс жасауға, оларды өңдеуге, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, өзіндік идеялар ұсынуға, кәсіби мәтіндік құжаттар әзірлеуге, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға үйрету еліміздегі бүгінгі білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі болып отыр.

Осы ретте семинардың мақсаты – академиялық сауаттылықты оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін, соның ішінде академиялық мәтіндерді, кәсіби іскерлік мәтіндерді құрастыруды, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырудың стратегияларын анықтау, сонымен қатар бағалау өлшемдеріне қатысты мәселелерді талқылау.

Семинар жұмысының бағыттары:

-Академиялық жазылым: академиялық мәтін құрастыру және бағалау өлшемдері (қазақстандық және батыс оқыту жүйесіндегі академизм талаптары, ғылыми мақала, тезис, аңдатпа, абстракт, ғылыми жоба жазу).

  • Академиялық этика және академиялық адалдық.
  • Кәсіби қызметтегі академиялық сауаттылық: іскерлік хат алмасу.
  • Академиялық сауаттылықты оқытуға арналған оқу-әдістемелік база құру.

Академиялық сауаттылыққа үйретумен, академиялық мәтіндер, кәсіби мәтіндік құжаттар құрумен айналысып жүрген қазақстандық білім беру мекемелерінің қызметкерлерін, мектеп мұғалімдерін, жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамын, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді, ғалымдар мен практиктерді, республикамыздағы жоғары оқу орнының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын семинар жұмысына қатысуға шақырамыз.

Семинар аясында «Жас ғалымдар» алаңы жұмыс істейді. Қатысушы студенттер мен жас ізденушілер еңбектері стенд форматында тыңдалады.

Толығырақ мына сайттан біліңіз: www.kazguu.kz

Редакция алқасы іріктеп алған мақалалар «КАЗГЮУ Хабаршысы. Филологиялық ғылымдар сериясы» ғылыми журналының кезекті немесе арнаулы (тақырыптық) нөмірінде жарияланады.

 Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 ӨТЕТІН ОРНЫ

«Академиялық сауаттылық – ХХІ ғасыр талабы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар 2017 жылғы 15 сәуірде Астана қ., Қорғалжын тасжолы, 8 мекенжайындағы КАЗГЮУ Университетінде өтеді.

Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптар

Мәтін көлемі  – 1-2 бет

  • қарпі – Times New Roman; 12-кегль, жоларалық интервал – 1,0;
  • өрістер: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2,5 см, оң/сол жағы- 2 см;
  • абзац – 1,25 см;
  • беттер нөмірленбейді;

Дерекккөздерге берілетін барлық сілтеме дәйексөзден кейін төрт бұрышты жақшада беріледі (алдымен дереккөз реті, кейін үтірден соң бет нөмірі), мысалы, [1, 98]. Сілтемелер мақала соңында «Әдебиеттер тізімі» атауымен мақалада берілу реті бойынша ресімделеді.

Электронды дерекккөздердің мекенжайын көрсету қажет.

Мақалаға аңдатпа және тірек сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Өтінім мен тезис жеке-жеке файл (өтінім – Касенова З.С., тезис-Касенова З.С.) түрінде семинар бағыттары бойынша мына электронды пошталарға жіберіледі:

E-mail: s_sapina@mail.ru, dbb-31.05.kz@inbox.ru, fatima_9@mail.ru

Семинарға қатысушыларға сертификат беріледі.

Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 20 АҚШ доллары.

Студенттерге тегін.

 Ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін реквизиттер

ТОО “КазГЮУConsulting”

Коргалжинское шоссе,8.

БИН: 081240009314

KZ50826Z0KZTD2003101 в АО “АТФ Банк” г. Астана,

БИК ALMNKZKA

Төлем мақсаты: «Семинарға» қатысу үшін.

Келу  – 14 сәуір 2017 жыл

Тіркеу: 15 сәуір сағат 9.00-9.30.

Өтінімдер мен тезистерді берудің соңғы мерзімі – 2017 жылғы 15 наурыз.

Ұйымдастыру комитеті