«We Are The World» халықаралық жастар конференциясы өтті

2017 жылдың 25 каңтар күні КАЗГЮУ Университетінде «UNISON» жастар бірлестігі «Жастар арасында нашақорлық мәселесінің аймақтық ерекшеліктері: себебі, салдары, шешу жолдары» атты тақырыбына ұйымдастырған алғашқы «We Are The World» халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференцияға Vienna International School (Аустрия) және КАЗГЮУ Университетінің студенттері қатысты. Конференция барысында студенттер Қазақстан мен Аустрияның осы мәселе бойынша өңірлік, мәдени және құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып, жастар арасындағы нашақорлық мәселесінің негізгі аспектілерін қарастырып, жастар дамуының өзекті мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

«We Are The World» халықаралық жастар конференциясы – студенттерге арналған сұхбат алаңын құру, идеялар мен ой-пікірлерімен алмасу, мәдени-академиялық дүниетанымы мен қарым-қатынас шеңберін кеңейту арқылы студенттерді әлемдік мәдениетпен, біліммен таныстыру мақсатында құрылған КАЗГЮУ студенттерінің алғашқы жастар жобасы болып табылады.