КАЗГЮУ студенттері Қазақстан тарихын жаңа әдістеме бойынша оқуда

“КАЗГЮУ Университеті” АҚ бірінші курстың студенттеріне практикалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы Қазақстан тарихын оқытудың жаңа әдістемесін пайдалана бастады. 2015 жылдан бастап Университет өз студенттерін мәдени-патриоттық тәрбиелеу бойынша жобаны іске асыруда.

Бүгін Жалпы білім беру пәндері жоғары мектебінің бірінші курс студенттері Қазақстан тарихын оқу аясында “Бауырсақ күні” кезекті акциясын және КАЗГЮУ профессор-оқытушылық құрамының, басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен блиц-сауалнаманы өткізді. Қонақтар  ұлттық тағамнан дәм татып, қазақ халқының тарихы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өткен заманға шолу жасады.