«КАЗГЮУ мен бірге жылу сыйла»

«КАЗГЮУ Университетінің» АҚ тұңғыш Президентінің туған күніне және «КАЗГЮУ Эндаумент» корпоративтік қорының бір жылдығына орай, аға кураторлар Есенгелдинова А.Т. және Жакипова М.М. «КАЗГЮУмен бірге жылу сыйла» қайырымдылық шарасының аясында Ақмола облысының Ильинка ауылына «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс студенттерімен 4 отбасыға материалдық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды (26.02.2017, 05.03.2017).

Студенттердің қатарында ENACTUS студенттік ұйымының белсенділері де болды. Олар ауыл тұрғындарына ауыз су сапасын жақсартатын сүзгіні таныстырып, қолдануға ұсынды. Студенттер болашақта да осындай қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, игі дәстүрді жалғастыруға ниет білдірді.