Алаш және көшбасшылық

19 сәуір 2017 жылы КАЗГЮУ-де Алашорда қайраткерлерін еске алу кеші өтті. Қазақ және орыс тілдері кафедрасының шақыртуымен келген қонақ Қошке Кемеңгеровтың шөбересі – Қайырбек Кемеңгер баяндама жасап берді.

Студенттер үшін ең басты жаңалық болған айғақ – Алаш партиясының барлық мүшелерінің кезінде заңгер мамандығын иеленгені, көп тілді меңгергені болды. Сол арқылы олар Алашорданың мүддесін қорғай білді. Қайырбек Кемеңгер Партия туралы мұрағат құжаттарымен таныстырып, өзінің Перуға баруға қатысты жоспарларымен бөлісті. Себебі Перудің қазіргі Президенті Педро Кучинский – Әлихан Бөкейхан мен Қошке Кемеңгеров 1924 жылы Қазақ жерін зерттеуге шақырған Макс Кучинскийдің ұлы.

Шәкәрім мен Мұхтар Әуезовпен пікірлескен М.Кучинский қазақтар туралы 1925 жылы Германияда Ляйпцигте зерттеу кітабын шығарған.

ЖББП және ТД ЖМ директоры Р.Қ.Жолаев пен «Батыр ұрпақ» ЖҰ белсенділері осындай еске алу кештері КАЗГЮУ студенттерінде болашақ көшбасшылық қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.