КАЗГЮУ Университетінің студенттері Студенттер мен жас ғалымдардың “Ғылым және білім – 2017” атты XII халықаралық ғылыми конференциясында

2017 жылдың 14 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінде өткен “Ғылым және білім – 2017” атты XII халықаралық ғылыми конференцияға КАЗГЮУ Университеті студенттері белсенді қатысты. Педагогикалық ғылым магистрі, қазақ және орыс тілдер кафедрасының аға оқытушысы Д.З. Шаймерденованың жетекшілігімен 1-курс студенттері өз баяндамаларын дайындады: А.Казиев: “Көркем әдебиет оқу құндылықтарының қазіргі заман студенті өміріндегі рөлі”, Д.Кокушева, А. Иxуанова “Заманауи адам өміріндегі “Көркем әдебиет оқу” құндылықтарын зерттеудің кейбір аспекттері”.

Ғылыми мақала жазу жұмысын студенттер “Академиялық жазылым” сабағы барысында бастады. Жас зерттеушілер “Көркем әдебиет оқу” құндылықтарым әселесіне байланысты түрлі шетел және отандық жұмыстармен қызығушылықтаныта танысты. Бұлқұндылықтың қазіргі заман студенті және жалпы адам өміріндегі орнын айқындау үшін КАЗГЮУ Университеті және басқа университет студентерінің қатысуымен әлеуметтік сауалнама және ассоциативтік тәжірибелер өткізілді.

А. Казиев, А. Иxуанова және Д. Кокушева баяндамалары конференцияға қатысқан мұғалімдер, магистрлер және студенттерді қызықтырды. “Халықаралық құқық”мамандығының 1-курс студенті магистрлер және басқа студенттер арасында өзін үздік көрсетіп “Наука и образование-2017” XII халықаралық жас ғалымдар мен студенттер ғылыми конференциясында II деңгейдегі димпломамен марапатталды. Д, Кокушева және А, Ихуанова белсене қатысқан үшін алғыс хат және сертификатпен марпатталды. Студенттерімізге алдағы ғылыми жұмыстарында сәттілік тілейміз!