Қазақ тілінің креативті үздік әдістері: бүгіні мен болашағы

2017 жылдың 21 сәуірінде КАЗГЮУ Университетінде «Қазақ тілінің креативті үздік әдістері: бүгіні мен болашағы» республикалық аналитикалық дискурсы өтті. «USTAZ» орталығының директоры Н.К.Иманғалиев, Астана қаласындағы «U-STUDY» орталығының директоры Ұ.Қармысов, Қарағанды қаласындағы «U-STUDY» тестілеу орталығының директоры Р.Ахметтұрарұлы, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры С.Оразгалиев, КАЗГЮУ Университеті ҚЖМ директоры С.Г.Пен спикерлер ретінде шақырылған, ал Бірінші Президент қорының директоры Азат Шауенов, ҚР МСМ Ш.Шаяхметов атындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік тілдерді дамыту орталығы директорының орынбасары Қонысбай Әбілев, Алаш сыйлығының лауреаты, жазушы Қуаныш Жиенбай, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, жазушы Сүлеймен Мәмет қонақтар ретінде шақырылған. Өз сөздерінде олар қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен және мектептерде, орта-арнайы және жоғары білім беру жүйесінде тілді оқытудың үздік креативті әдіс-тәсілдеріне арналған байқаудың қажеттілігі мен маңызын атап өтті. Спикерлер мен қонақтар аталмыш мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіріп, қазақ тілі қызметінің сұрақтарын шешудің түрлі жолдарын ұсынып көрді.

Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде мектеп, колледж мұғалімдері өздерінің әдістері көрсетіліп, түсірілген 15-20 минуттық сабақтарының үлгісін видеоға түсіріп, жіберуі керек болатын. Еліміздің әр аймағы бойынша жіберілген 100 жұмыстың тең жартысы –50 видероллик таңдалып, авторлар келесі эссе жазу кезеңіне шақырылған.

Байқауға қатысушылар мен қонақтар студенттердің көлемді «Баталасу» атты тарихи театрландырылған қойылымының көрермендері болып, соңында жүлделі орындар табысталды. Барлық қатысушыларға алғысхаттар мен сертификаттар, бағалы сыйлықтар берілді.

Байқаудың демеушілері: ҚР МСМ Ш.Шаяхметов атындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік тілдерді дамыту орталығы директоры Е.Тілешов, ҚР МСМ Тілдер комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, Астана қаласы Тіл басқармасының төрағасы Т.Қышқашбаев болғанын атап өтуге болады. Н.Ахтаева (Пединститут, Павлодар), О.Мырзабай (Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Шымкент), А.Барлыбаева (НЗМ, Астана), Н.Байсаков (РМФШ, Астана), М.Дүсіпбаева (ШҚО), Т.Шомшекова (НЗМ, Астана) сияқты ұстаздардың жұмыстары жүлделі орындарға ие болды.