«2017 KAZGUU Student Essay Contest» халықаралық байқауы

Қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының студенттерінен «2017 KAZGUU Student Essay Contest» халықаралық байқауына қатысуға 80-нен астам өтініш түсті.

Бұл шараны ұйымдастырушылар Жалпы білім беру пәндері мектебінің Ағылшын тілі кафедрасы мен Education First компаниясы эссе қабылдау кезеңінің ресми түрде жабылғаны туралы хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, конкурсты өткізу мақсаты студенттік қауымдастықтың төзімділігі мен ұлтаралық ынтымақтастығын, мәдениаралық тілдесу құралы ретінде «ағылшын тілі» пәніне оң көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің жеке зерттеушілік қызметін ынталандыру және академиялық хат жазу дағдыларын қалыптастыру болды.

         Байқау қорытындысы 2017 жылдың 2 маусымында белгілі болады.