КАЗГЮУ студенті Еуразия чемпионы атанды

Еуразияның AshiharaKarate (Кумите) ашық біріншілігінің чемпионатының қорытындысы бойынша  КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебінің студенті Джанбулат Ибрагимов Қазақстан құрамасының құрамында екі салмақ категориясында бірінші орынға ие болды.

Жарысқа Ресей, Дания, Жапония, Ауғанстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Румыния және басқа да елдердің спортшылары қатысты. 

Джанбулат – “Заңтану” мамандығы бойынша 3-курс студенті. Сондай-ақ бірнеше дүркін әлем, Еуропа, Азия чемпионы әрі жүлдегері, каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады.

Жас спортшыларға қолдау көрсететін Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру орталығының қызметкерлері белгілейтіндей, осындай ауқымдағы жарыстарға қатысу КАЗГЮУ студенттерінің салауатты өмір салтына бейімделуіне жағдай жасайды, Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдық, әділдік және жауаптылық секілді жоғары моральдық принциптерді ұстануға итермелейді.

КАЗГЮУ Университеті өз студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтып, оқу мен спортта табыс тілейді!