Мәңгілік ел – мәртебелі тіл!

  
2018 жылы 12-16 ақпан аралығында университетімізде Жалпы білім беру пәндері мектебі Қазақ және орыс тілдері департаментінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл!» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың ашылуына «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Нұрсеитов Шалқар Талғатұлы, Креативті қазақ тілі орталығының жетекшісі Шаймерденова Күләш Қайыржанқызы, «Мен қазақпын!» республикалық байқауының жеңімпазы Өзгеріс Шерікбайұлы, Төлеген Айбергенов атындағы Әдеби жастар сыйлығының лауреаты, бірнеше республикалық ақындар мүшайрасының жүлдегері Жұлдызай Ысқақ, театр сыншысы Шабыт университетінің студенті Бақталант сынды дарынды жастар қонақ ретінде шақырылып, жалынды жырларын, арнау әндерін орындады, сонымен қатар КАЗГЮУ университетінің Фемидасы Виктория Ночевная өз құттықтауын жолдады.
Қазақ тілі апталығымыздың жоспарына сәйкес студенттер арасында “Кім зерек?” интеллектуалды ойыны өткізіліп, Умербеков Даурен, Лапаева Александра, Миронова Маргарита, Филина Александра, Ахролходжаева Эльгизахон, Бирюкова Полина, Асканова Құралай, Адгезалли Ляман, Чекиева Лианалар қатысты. Сондай-ақ ойынның жеңімпаздары анықталып, апталықтың жабылуы кезінде түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Апталығымызда Жоғары мектептер және кафедралар арасында “КВЕСТ” ойыны ұйымдастырылды. Кітапхана ұжымы, Құқық жоғары мектебі, Экономика жоғары мектебі, Жалпы білім беру пәндері мектебінен ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары, Жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту және халықаралық байланыстар институты қызметкерлері қатысып, бас жүлде – КВЕСТ КУБОГЫН Жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту және халықаралық байланыстар институты қызметкерлері жеңіп алды.
2018 жылы 13 ақпанында «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл!» атты қазақ тілі апталығындағы университетіміздің құрметті қонағы, қазақ тілінің жанашыры, жаршысы, белді қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы университетіміздің студенттеріне қонақ дәрісін оқыды. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарын қойып, қоғам қайраткерімен өз пікірлерін бөлісті.
Университетімізде өткен «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл!» қазақ тілі апталығында студенттер тарапынан университет оқытушылары, қызметкерлері және студенттері арасында қазақтың ұлттық биі саналатын «Қара жорға» биі ұйымдастырылды.
Университетімізде өткен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл!» атты қазақ тілі апталығына орай мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында университеттің студенттік ұйымдары төрағаларының арасында кездесу өтіп, әр ұйым өз бағдарламаларын ұсынды. Өзара пікіралмасуда әрбір студенттік ұйым ұсынып отырған бағдарламалардың артықшылығы және кемшін тұстары студенттердің өздерінің арасында талқыға салынды.
2018 жылы 12-16 ақпан аралығында университетімізде Жалпы білім беру пәндері мектебі Қазақ және орыс тілдері департаменті ұйымдастырған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл!» атты қазақ тілі апталығының салтанатты жабылуы өткізілді. Апталықтың жабылуына құрметті қонақтар ретінде Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Аманжолова Зауреш Джуманалиевна, филология ғылымдарының кандидаты Еркінбаев Ұлан Оралұлы, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Шауеев Азат мырзалар қатысып, тіл жанашырлары ретінде апталықтың өтуіне қолдау көрсетті.
Апталық барысында студенттер арасында жарияланған дубляж, видео, вайн, постер, эссе жазу конкурстарының қорытындысы шығарылып, “Үздік дубляж” , “Үздік видео”,”Үздік вайн”, “Үздік эссе” жеңімпаздары анықталды.
Апталықтың салтанатты жабылуы концерттік іс-шараға ұласып, Хабаров Ерқанат, Нұрғали Нұрсұлтан, ақын қызымыз Тілекші жалынды жырларымен көрермендердің көзайымына айналса, Еспембет Бексұлтан мен Абдикаппарова Асыл, Рахметулдинов Тимур сынды студенттеріміз бірі тамылжыта ән салып, енді бірі қазақтың қара домбырасынан күмбірлете күй төкті. Сондай-ақ осы шараға қаламыздағы БАҚ қатысып, Қазақстан ұлттық арнасы мен «Айқын» газетінің тілшілері қазақ тілі апталығының қорытындысын көгілдір экранда көрсетіп, газетке мақала ретінде ұсынды.