KAZGUU-да «Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» ашылды

M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Гуманитарлық Жоғары Мектеп Жалпы білім беру пәндері департаментінің ұйымдастырылуымен 2019 жылдың 17 қазанында «Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» аудиториясының ресми ашылуы мен M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti мен РМҚК «Ұлттық тестілеу орталығы» арасында серіктестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.

Аудитория ашылуында сөз сөйлеген M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Ғылыми істер жөніндегі проректоры М.М.Дауленов, РМҚК «Ұлттық Тестілеу Орталығының» директордың міндетін атқарушы Д.Смағұлов мырзалар тіл мәртебесін арттыру, тілге құрмет көрсетуге қатысты мәселелер жөнінде ой қозғады. «Водометр» ЖШС компаниясының директоры Ә.С.Ахметоваға «Қазақ тілін креативті оқыту орталығының» директоры К.Шаймерденова алғысын білдірді.

«Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» – оқыту әдістерінің тиімді базасын құрастырып, қазақ тілі оқытушылары үшін сапалы семинар, тренингтер және курстар ұйымдастырып, сол арқылы қазақ тілін дамытуға үлесін қосып жүрген орталық.

M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Гуманитарлық Жоғары Мектеп мемлекеттік тілдің дамуы жолында «Qazaq-aǵylshyn tilderi jáne aýdarma» мамандығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл мамандықтың ерекшелігі –ҰБТ-дан қазақ тілі және қазақ әдебиет пәндерін таңдайтын талапкерлерге тек қазақ тілін ғана емес, ағылшын тілін де меңгеріп шығуға мүмкіндік беру және екі тілде (қазақ/ағылшын) еркін сөйлейтін аудара алатын мамандарды даярлау.