Зимняя школа педагогического мастерства КАЗГЮУ

2020 жылдың 08-11 қаңтар аралығында М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары Гуманитарлық Мектебі КАЗГЮУ Қысқы педогогикалық шеберлік мектебін өткізді. Аталмыш іс-шараға 50-ден астам орта білім беру мектебі, колледж және университет мұғалімдері қатысты.

Қысқы мектептің мақсаты оқытушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына, сонымен қатар білім беру саласында тәжірибе мен білім алмасуға арналған алаң құру болып табылады. Қысқы мектеп аясында оқытушылар оқушыларды оқытудағы заманауи технологияларды, әдістемелер мен тәсілдерді меңгеруге және қолдануға мүмкіндік алды.

Қысқы мектеп жұмысы 4 сессиядан тұрды:
1) семинар #1-қазақ тілі оқытушыларына;
2) семинар #2-орыс тілі оқытушыларына;
3) семинар #3-ағылшын тілі оқытушыларына;
4) семинар #4 – әлеуметтік пәндер оқытушыларына арналады.

Аталған семинарда күндізгі сессиядан бөлек, қашықтықтан оқыту формасы қамтылды.
Қысқы мектептің барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз. КАЗГЮУ қысқы мектебінде алған білім мен дағдыларыңызды тәжірибе жүзінде қолданып, жоғары нәтижеге қол жеткізулеріңізге тілектеспіз!