Мосуд Маннан

27 ақпанда Жоғары Гуманитарлық Мектеп Бангладештің Орталық Азия елдеріндегі Елшісі Мосуд Маннанның «Бангладештегі демократия және заңдылық» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды.

Елші Мосуд Маннан академиялық мансабын Бангладештің Дакка университетінде экономика мамандығымен бастады. Оқуын жалғастырып, АҚШ-тағы Бостонның Туфтс университетінде магистр дәрежесін алды. Ол өз елінің сыртқы қызметіне келгеннен кейін Лондон, Маскат, Нью-Йорк және Берлин сияқты түрлі шетелді кастаналарда қызмет атқарды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Бангладештің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, сонымен қатар Ауғанстан, Қазақстан және Қырғызстанда аккредитацияланды.

Дәріс барысында елші Бангладештегі экономикалық даму, демократия және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады, студенттердің елшілік миссиясы туралы сұрақтарына жауап берді және өзелінің студенттері мен университетіне сыйлықтар табыс етті.