Жоғары Гуманитарлық Мектебінің Консультативті кеңесі 28 қараша 2020 жыл

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары Гуманитарлық Мектебі жұмысының басым бағыты жұмыс берушілердің сұраныстары мен пікірлеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру болып табылады. Мұндай жұмыс ЖГМ Консультативті кеңесінің (Advisory Council) күндізгі отырысында өткізіледі.

2020 жылдың 28 қарашасында жыл сайынғы екіншідәстүрлі кездесуі өтті, оған жұмыс берушілер мен ЖГМ серіктестерінің өкілдері қатысты. Консультативті кеңес барысында бакалавриат және магистратура бағдарламаларын дамыту мәселелері үш бағыт бойынша талқыланды:

– «Аударма ісі»;
– «Туризм» және «Қонақжайлылық»;
– «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика».

1. Бірінші бағыт бойынша:

кездесуде «Аударма ісі» бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқыту бағдарламасы, ауызша және жазбаша аударма саласындағы заманауи трендтер және «Аударма ісі» бағдарламасындағы білім алушылардың бейінін жақсарту үшін екінші шет тіл оқытуды нығайту талқыланды.
Бағдарламаның жетекшісі Елена Целенко кеңес мүшелерінің 2020 жылдың 18 ақпанында өткен отырыстағы ұсыныстарына сәйкес «Аударма ісі» бағдарламасына енгізілген өзгерістерге шолу жасады. Одан әрі кеңес мүшелері мен лингвистика және аударма саласы бойынша шақырылған мамандар бакалавриат және магистратураға арналған жаңартылған оқу бағдарламасын талқылап, сонымен қатар екінші шет тілі, атап айтқанда, француз тілінен халықаралық сертификаттауды алу мүмкіндіктерін талқылады.
Кеңес барысында келесі ұсыныстар айтылды:

– бакалавриат деңгейінде бағдарламаны екі бағытқа бөлу: ауызша және жазбаша аударма;
– магистратура деңгейінде бағдарламаны аудио-визуалды бағыт бойынша аудармаға дайындау;
– реакторлық дағдыны дамытуға арналған пәндерді қосу;
– Екінші шет тілін аяқтағанда француз тілінен DELF/DALF халықаралық сертификат алу мүмкіндігін ескеру.

2. екінші бағыт бойынша:

кездесу тақырыбы «Туризм» және «Қонақжайлылық» білім беру бағдарламаларының мазмұынын жетілдіру болды.
Кездесу барысында серіктестер құрамы туризм индустриясының негізгі секторларының барлық талаптарына жауап беретін бағдарламаның бірегейлігін атап өтті. Сонымен қатар дайындық толығымен ағылшын тілінде жүргізіліп, екінші шет тілін үйренуге көп көңіл бөлінеді. Практикадан өтуге сертификаттық бағдарламалар бар.
Келесі ұсыныстар айтылды:
– өндірістік практикадан өтуге берілетін кредиттердің саны мен көлемін ұлғайту;
– бағдарламаға Қазақстанның туристік дестинациялары бойынша құрауыштарды енгізу;
– цифрлық құзырет тіліктерде, атапайтқанда, Digital marketing және IТ in Hospitality курстары арқылы түлектердің дағдыларын күшейту.

3. Үшінші бағыт бойынша:

«Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының мазмұны мен құрылымы талқыланып, студенттердің білім алуы мен практикадан өтуіне қолайлы мүмкіндіктер қарастырылды.
Бағдарламаның мақсаты – қазақ-ағылшын тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін терең меңгерген, тілді үйретуде заманауи әдістерді қолдана алатын, аударма және медиа саласына қатысты дағдыларды меңгерген жан-жақты тіл маманын дайындау.
КК барысында қатысушылар бағдарламаның еңбек нарығына қажеттілігін атап өтіп, білім алушыларға керекті дағдыларды меңгерту үшін қосымша ұсыныстар білдірді. Олар:
– «Салыстырмалы грамматика» пәнін енгізу;
– «Медиалингвистика» мен «Тіл және аударма» қосымша бағдарламаларының бірегейлігін танытатын жаңа пәндерді қосу.
Сонымен қатар КК мүшелері білім алушылардың практикадан өтуіне жағдай жасауға өздерінің ниеттерін білдірді.

Кездесу практикалық сипатта өтті. Қатысушылар аталған бағдарламалар Қазақстанда және одан тыс жерлерде лингвистикалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарды дамытуда қолданбалы мәнге және сұранысқа ие деген ортақ пікірге келді.

КАЗГЮУ Жоғары Гуманитарлық Мектебі барлық серіктестеріне ынтымақтастық және ЖГМ білім беру бағдарламаларын дамыту үшін Консультативті кеңес жұмысына қатысқандары үшін алғыс білдіреді:

«Ахмет Байтұрсынұлы Білім Академиясы» – Еркінбаев Ұлан Оралұлы, «Ұлттық тестілеу орталығы» – Маншүк Мұхаметқалиқызы, «Тіл-Қазына» – Аитова Нұрлыхан, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» – Шәуеев Азат Сәдметұлы, «Егемен Қазақстан» – Меруерт Бүркітбаева, Қазақстанның кәсіби аудармашылары мен аударма компаниялары қауымдастығының төрайымы, «Гала Глобал Групп» және «Қазақстан аударма академиясы» компаниялар тобының құрылтайшысы, ілеспе аудармашы – Алиева Кульшан Эйвазгызы@emilia_world @galaglobalgroup, Аударма компаниялары қауымдастығының төрағасы, «Гала Глобал Групп» компаниялар тобының және «Қазақстан аударма академиясының» құрылтайшысы, ілеспе аудармашы – Анна Васильевна Лоенко @loyenko_conference_interpreter @association.translation, “РуФилмс” ЖШҚ бас директоры, аудио-визуалдық аударма мектебінің негізін қалаушы және басшысы, Мәскеу-Алексей Козуляев, «Француз Альянсы» ҚБ директоры – Динара Оразбаева @afastana және француз тілінің оқытушысы Альмира Тастамбекова @almira_tastambek, ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК аударма бөлімі, аудармашы-синхронист – Нургазин Мират, «Hilton-Astana» қонақ үйінің бас менеджері Штефан Райтер, «Kazakh Tourism» ҰК “АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов,«Almaty City Tour»ЖШС Басқарушы директоры Антон Митин,«Kazakh Tourism» ҰК АҚ Басқарушы директоры «Turoteka.kz» Данияр Идиятов, «IncideTravel» ЖШС директоры Еркін Тикенов, «Ұлы Дала скауттары» ҚБ Бас хатшысы Ильдар Катенов, операциялық Менеджер және Бас менеджердің орынбасары «Radisson-Astana» қонақ үйі және «Park Inn by Radisson» қонақ үйі Индира Берсугурова, «Еуразиялық туризм қауымдастығы» ЗТБ президенті Рысты Қарабаева, ЖШС туризмді дамыту департаментінің директоры АсельКарбаева, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» МКҚК директоры Мэлс Абенов, «VIP Клиника», «Wyndham Garden Astana» қонақ үйі HR Department директоры, «Sheraton» қонақ үйі F&B департаментінің директоры Медет Абдрешов және «Sheraton» қонақ үйі нөмірлік қоры департаментінің директоры Давид Чавчанидзе, «Гвидон Тур» туристік агенттігінің директоры Верницкая Татьяна.