Жыл сайын өткізілетін КАЗГЮУ қысқы-педагогикалық шеберлік мектебі 2021 жылы алғаш рет онлайн форматта іске қосылды

Біз карантиндік шараларға қарамастан, оқытушылардың жеке және кәсіби дамуларына, сондай-ақ білім беру саласында өзара тәжірибе алмасуларына алаң құру мақсатын жүзеге асыруды жалғастырдық.

Осы жылы КАЗГЮУ қысқы-педагогикалық шеберлік мектебіне еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ден астам оқытушылар қатысты. Олар Алматы, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Атырау, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Семей, Ош (Қырғызстан) қалаларынан.

Біз Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясы, Қарағанды техникалық университеті, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақ спорт және туризм академиясы, «Тұран-Астана» университеті, EAGI колледжі, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Білім-Инновация» лицейі, С.Мәуленов атындағы №37мектеп-лицейі, №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясы, «Bolashaq» академиясы, Тараз қаласындағы №40 гимназия КММ, 51 мектеп-гимназиясы, 20 мектеп-гимназиясы, № 6 орта мектеп, 59 мектеп-лицейі, КГУ «SHG 68», №2 Косчинский орта мектебі мұғалімдері мен оқытушыларын қарсы алуға қуаныштымыз.

Қысқы мектептің жұмысы үш бөлімнен (сессиядан) тұрады:

Қазақ және орыс тіліндегі бөлімдер келесі тақырыптарды қамтиды:

➡️- онлайн-оқытуды ұйымдастырудың қыр-сыры;
➡️- интернеттегі мазмұнды құру кезінде қандай білім беру платформалары мен құралдарын қолдану;
➡️- Академиялық адалдық, академиялық жазу туралы білімдерін кеңейтіп, студенттерді плагиат жасамауға үйрету.

Ағылшын тілі оқытушыларына арналған секция–кәсіби құзыреттілікті тереңдетудің және осындай қысқа мерзім ішінде Cambridge TKT-Teaching Knowledge Test халықаралық деңгейде танылған емтиханды тапсыруға дайындалудың бірегей мүмкіндігі.

Семинардың барлық сессияларына қатысып, тапсырмаларын орындаған қатысушыларға 72 академиялық сағат көлемінде сертификат беріледі. Барлық үлестірме материалдар мен презентациялар семинар жұмысының соңында қатысушыларға жіберіледі.

Қысқы мектеп қатысушыларына сәттілік тілейміз!