ҚАЗТЕСТ сертификаты

«Қазақ тілі» курсын аяқтаған студенттер тестілеуден өтіп, өз деңгейлерін растап, ҚАЗТЕСТ сертификатын алуға мүмкіндіктері бар. Бұл үрдіс М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті мен Ұлттық тестілеу орталығының ынтымақтастығы негізінде жүзеге асты @testcenterkz @didaroneqz.

Университеттің білім беру жүйесіне қазақ тілі пәнін оқытудың деңгейлік бағдарламасы 5 жыл бұрын енгізілді. Оның жоғары тиімділігі диплом қосымшасының транскрипті, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі-ҚАЗТЕСТ арқылы расталады.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Универститетінде 2020 жылдың желтоқсан айында 30-дан астам студент ҚАЗТЕСТ тапсырып, қазақ тілінің Жоғары (С1) деңгейін меңгергендігін растады.
Осы сертификат арқылы олар:

✅ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне;
✅ Халықаралық «Болашақ» стипендиясына;
✅ ҚР ҰҚК-нің академиясына;
✅ басқа ұйымдар мен мекемелерге жұмысқа орналасуға үміткер бола алады.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті студенттерді қазақ тіліне оқытып қана қоймай, сондай-ақ оларды білікті маман болуға даярлайды.