Общее фотоАғылшын тілі департаменті 2008 жылы М.С.Нәрікбаевтің бастамасымен құрылған болатын. 2014-2015 оқу жылы департамент Жалпы білім беру пәндері мектебінің бір бөлімі болды.

Инструкторлардың саны 16 адам, соның ішінде 1 шетелдік инструктор – Грэди Воган бар. Тілдік бағдарламалар студенттердің Экономика жоғары мектебі мен Құқық жоғары мектебі бакалавриатының бағдарламаларын сәтті игеруге мүмкіндік беретін В2 деңгейіне жетуі мақсатында жасап шығарылған. Біздің оқытушылар жыл сайын кәсіби және шығармашылық тұрғыда дамуға аса қажетті болып саналатын аттестациядан өтеді.

Департамент оқытушылары президенттік стипендиялық «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтті. Олардың ішінде Назарбаев Университетінің және Лестер Университеті, Ньюкасл Университеті мен Долина Миссисипи Мемлекеттік Университеті сияқты шетелдік университеттердің түлектері бар екенін атап өткіміз келеді. Бұдан басқа, біздің департамент «ErasmusPlus» бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

2017 жылы департамент қазіргі классикалық әдебиеттерді оқуға баулу және ағылшын тілінде пьеса қою мақсатында студенттерге арналған «Book.Tea.Talk» драмалық клубын ашты.

Сондай-ақ біздің оқытушыларымыз GES тіл орталығымен бірлесіп қазіргі студенттеріміз бен университет оқытушылары үшін ағылшын тілі курстарын жүргізеді, сонымен бірге студенттерді IELTS емтихандарын тапсыруға дайындайды.