3

Орталық 2017 жылдың қыркүйек айында 2003 жылы негізін қалаған Қазақстан тарихы және жалпы білім беру кафедрасының негізінде құрылған.
Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру орталығында Отан тарихын оқытудың ерекше әдісі дайындалған, онда:

  • отандық және шетелдік тарихнама негізінде Қазақстан тарихының теоретикалық және өзекті мәселелерін меңгеру;
  • маңызы жоғары тарихи оқиғаларды театрландырылған қойылымдар арқылы қалыптасып келе жатқан жас буынның жанашырлық сезімін ояту мақсатында пайдалану;
  • қазақ халқының «символикалық мұрасы» болып табылатын тарихи жерлермен студенттерді таныстыру, студенттік туризмді дамыту.

Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласында айтылған маңызы жоғары идеяларды насихаттау біздің бөлімшенің негізгі міндеттеріне енеді. 2018 жылдың көктемінде Орталық ұлттық кодты құрушы негізгі фактілерге сүйене отырып, «Сакральные истоки казахов» атты тақырыптағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындық шараларына кірісті. Зерттеу жұмысының мақсаты: тарихи мәліметтердің кеңейтілген талдауы, қазақ халқының ұлы тұлғаларының тигізген үлесі негізінде, әдеби және философиялық мұраларды меңгере отырып қазақ халқының ұлттық коды мен құндылықтарын анықтау және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы орнын көрсету. Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде «Сакральные истоки казахов» атты кітап жарыққа шығады.
Орталықтың оқытушылары болып жоғары мамандандырылған оқытушылар, оның ішінде 4 тарих ғылымының кандидаты, 1 тарих ғылымының докторанты.

О