M. Narikbayev KAZGUU University Жалпы білім беру пәндері мектебінің білім беру бағдарламасы – бірінші курс студенттеріне университеттің жоғары курстарында табысты білім алу мен кәсіби қызметтеріне қажетті академиялық және тілдік дағдыларды алуға көмектесетін бір жылдық бағдарлама. Студенттер аталған бағдарламада жалпы білім беру пәндерінің негіздерін игерумен қатар, сыни тұрғыда ойлау, ұжымдық жұмыс, ағылшын тіліндегі сөйлесім дағдыларын, сондай-ақ, зерттеу жұмыстарын жүргізу және академиялық мәтіндерді (эссе, аңдатпа, мақалалар, курстық/дипломдық жұмыстар) жазу базалық дағдыларын меңгереді.

Жалпы білім беру пәндері шеңберіндегі оқу сабақтары кіріспе, дәстүрлі, мультимедиялық, қонақ дәрістер, практикалық және лабораториялық, кеңесберу, сондай-ақ, көшпелі саяхат түрінде өткізіледі (field trips).

Білім беру нәтижелері

Мектептің жалпы білім беру пәндері келесі нәтижелерге жету үшін бағытталған: