2024 жылғы 15 ақпанда біздің университетіміздің қабырғасында Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесінің

2024 жылғы 15 ақпанда біздің университетіміздің қабырғасында Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесінің Ауызша аударма секциясымен бірлесіп ұйымдастырылған қызықты іс-шара өтті! 

Біздің студенттер Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде ауызша және жазбаша аударма секцияларының жұмысының нюанстары, халықаралық ұйымдарының аудармашыларды даярлау бағдарламалары туралы, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, St. Jerome аудармашылар байқауы туралы, аудармашыларға, редакторларға және стенографтарға арналған конкурстық емтихандар жайлы білді.