Мақсат
Жергілікті және халықаралық деңгейдегі кәсіби ортаға оңай бейімделетін, білімді, сауатты, жан-жақты ақпараттандырылған, академиялық дағдылары мен әлеуметтік құзыреттері қалыптасқан тәуелсіз адамдарды тәрбиелеу.
Міндеттер:
- 1. оқытудың инновациялық әдістерін белсендіру жолымен заманауи ақпараттық технологияларды дәстүрлі және инновациялық әдістермен үйлестіре отырып оқытудың сапасын көтеру;
- 2. білім беру мен тәрбие процесін тығыз байланыстыру;
- 3. білім беру деңгейін халықаралық стандарттарымен қамтамасыз ету;
- 4. студенттердің академиялық дағдыларын дамытуға бағытталған тұрақты жұмыс істейтін үйірмелер мен клубтарды ашу және қалыптастыру;
- 5. әлемнің жетекші университеттері және ЖОО-серіктестермен стратегиялық серістестіктің ашық алаңы болу;
- 6. университетте білім алу үшін шетелдік студенттерді тарту;
- 7. білім беру және ғылыми жұмыстарға арналған материалдық-техникалық базаны (стендтерді, оқу жиһаздарын, электронды жабдықтарды жаңарту) дамыту;
- 8. қолданбалы ғылымды маңызды болашағы бар, іргелі және ғылыми-әдістемелік қолданбалы зерттеулер және профессорлық-оқытушылық құрамының зерттеу жұмыстары үшін дамытуды қолдау;
- 9. профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежелерін көтеру;
- 10. кәсіпкерлік қарым-қатынасты қалыптастыру, яғни мектеп жобаларын қаржыландыру үшін ақылы білім беру қызметтерін дамыту.