KAZGUU Newsroom – Астана қаласындағы Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде орналасқан ақпарат тарату қызметі. Аталған медиа елорда және елдегі түрлі мәселелерді көтеріп, ақпарат таратуды мақсат еткен. Қызмет жыл сайын қыркүйек пен мамыр айлары аралығында жұмыс істейді. KAZGUU Newsroom журналистері дайындаған мақалаларды редакцияға серіктес ретінде тіркелген түрлі қазақстандық медиа ресурстар өз платформаларында жариялай алады.
KAZGUU Newsroom КАЗГЮУ университетіндегі Жоғары гуманитар мектебі тарапынан ұйымдастырылды. Ол КАЗГЮУ жанында құрылғанымен университет әкімшілігі редакция саясатына араласпайды. Жоба АҚШ-тағы Мичиган штаты университеті (Michigan State University) Журналистика мектебі ғалымдарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Редакция белгілі бір тақырып не мәселеге фокус жасамайды. KAZGUU Newsroom журналистері саясат, экономика және қаржы мәселелерінен бастап әлеуметтік проблемаларға шейін көтере алады. Редакция түрлі билік тармақтарының өз міндетін атқаруына мониторинг жасап, жаңа реформаларды қоғам талқылауына шығаруды басты принцип ретінде ұстанады.
Редакция директоры – Жолдас Өрісбай, журналистика магистрі (Michigan State University). Редакция екі тілде жұмыс істейді.
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: