2019 жылы 28 қарашада Жоғары Гуманитарлық мектеп ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбайұлының өміріне арналған кезекті театр қойылымын ұсынды.

1-курс студенттері бізді Абай мен оның шәкірттерінің өмір көріністері арқылы ХІХ ғасырдың атмосферасына енгізе алды. Жас режиссер Аянмен бірге олар бізге өз ұлдарынан айырылған Абай-әкені, жас ұрпаққа және ағартушылыққа сенген Абай-ағартушыны көрсетті. Бірақ басты драма өз замандастарынан қолдау таба алмаған Абайдың жалғыздығы болды. Ол өзінің қатарластары сияқты уақытты басып озды. Себебі оның ойлары XIX ғасырдың, тіпті XX ғасырдың деңгейінде болған жоқ. Олар бүгінгі таңда да, ертеңгі күні де өзекті болмақ.

Қойылымдағы Абай бейнесіне туған пікірталас – студент-әртістердің көрермендерге әсер еткендігінің дәлелі.
Қойылымдарды өткізу дәстүрі Қазақстан тарихын зерттеу пәнімен байланысты екені белгілі. Қазіргі заман Қазақстан тарихы пәні: студенттерге тек қана теориялық білім беріп қоймайды, сонымен қатар алған білімдерін практикалық тұрғыдан бекітеді. Осылайша, терең зерттеулер жүргізіліп, тарихымыздың түйіндік нүктелері түсіндіріледі.

Қойылым Жоғары Гуманитарлық мектебінің өткізетін мұражайларға бару, еліміздегі мәдени орындарға саяхат, шақырылатын қонақ дәрістері сияқты интерактивті оқытудың түріне жатады.