«Адам – өз заманының перзенті. Егер ол жаман болса, оған замандастары кінәлі» Абай Құнанбайұлы
«Күнделікті қарым-қатынас тілі барлығымызға тән, бірақ қарым-қатынас өнері ілуде бір еншісінде…»
Форматы: жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы ашық әңгіме
Мақсаты: Қазіргі заман жастарының қоғамдағы орны және тарих, мәдениет, әдеп саясат жайлы ұстаздар мен студенттер арасындағы әдеттен тыс ашық диалог орнату
Міндеттер:
- Студенттердің бойында адамдық, ұлттық қасиеттерді қалыптастыру. Оларды тек батыстық құндылықтарға, біржақтылыққа ұрынудан сақтау
- Қазақ халқының мәдени құндылығының тереңдігіне назар аударту
- Кешегі, бүгінгі, келешекке өздерін қатысты бар сезімін жетілдіру
- Оқытушылар мен шәкірттердің ашық тандеміне жағдай жасау
- Ұжымдық сана қалыптастыруға дағдыландыру
Жиілігі: айына бір рет
Тақырыптық жоспар:
- Өз ортамызды құрметтейміз бе?
- Кемел адамға барар жол.
- Мен және менің шетелдік оқуым
- Неге біз дәстүрлі құндылықтарымызды жоғалтудамыз?
Ұйымдастырушылар:
- Жалпы білім беретін пәндер және тілдік даярлық мектебі
- Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер
- Патриоттық клуб
- «Билер кеңесі» студенттік мекеме
- «UNISON» студенттік мекеме
Қатысу ережесі: КАЗГЮУ университетінің сайты арқылы қатысушылар мен спикерлердің тіркелуі
Қадірлі студенттер! Сіздер «Маңызды әңгімеге» өздеріңіз қызықты тақырыптар ұсына аласыздар! Қатысушыларға шектеу жоқ!