Департамент жыл сайын дәстүрлі түрде университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттері қатыса алатын «Қазақша диктант» республикалық байқауы, ЖОО мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауы, сондай-ақ «Қазақ және орыс тілі фестивалі» және университетіміздің студенттері арасында өтетін «Шұғыла» және «Вдохновение» оқырмандар клубтары сынды іс-шараларды өткізіп отырады.

Департамент өткізетін дәстүрлі байқаулар

«Қазақша диктант» республикалық байқауы
Университетімізде дәстүрлі түрде өтетін іс-шараның бірі – «Қазақша диктант» республикалық байқауы. Байқауға студенттер мен оқытушылар, университет бөлімдері қызметкерлері қатыса отырып, грамматикалық сауаттылық деңгейлерін байқап көрулеріне мүмкіндік алады.
Ұлттық сананы қалыптастыру және рухани жаңғыру жолында тілдің атқарар рөлінің маңызы аса зор. Сондықтан мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті екені сөзсіз. Бәсекеге қабілеттіліктің бір жолы – грамматикалық сауаттылық екенін ескере отырып, диктант өткізу арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді көздейміз. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деген Президенттің шынайы тұжырымының іске асуына үлес қосамыз.
диктан 1722448243_726450067546818_8848866199112558740_nдик117дикт17дикта17диктант2

«Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауы
Департамент оқытушылары «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ Қазақ тілін креативті оқыту орталығымен бірлесіп жыл сайын «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауын өткізеді. Байқауға қатысушылар тілді оқытуда қолданып жүрген жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, 15-20 минуттық видео-сабақтарын kreativ.kz2017@gmail.com электронды поштасына жібереді. Жалпы білім беретін мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының кез келген ұзтазы қатыса алады. Үздік деп танылған видео-сабақ авторлары екінші кезеңге, яғни «Академиялық эссе жазу байқауына» өтеді. Байқаудың мақсаты қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін анықтау, қазақ тілін креативті оқытудың бірыңғай базасын дайындау, мемлекеттік тілді үйретудің ерекше, қалыптан тыс тәсілдерін БАҚ арқылы көпшілікке насихаттау, сонымен қатар мектеп пен ЖОО ұстаздарының арасындағы байланысты арттыру болып табылады. Байқау соңында жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау және бағалау екі категория бойынша: ЖОО және мектеп пен колледж ұстаздары арасында жүзеге асады.
31229281_243066033109144_406293821618388992_n

«Қазақ және орыс тілі фестивалі»
Біздің ұжым университет студенттері арасында қазақ және орыс тілі апталықтарын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп отырады. Әртүрлі тақырыпта өтетін қазақ және орыс тілі апталығының мақсаты – КАЗГЮУ студенттерін қазақ, орыс тілінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Сондай-ақ қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жоғары деңгейге көтеру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу, сонымен қатар қазақ халқының әдебиеті арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелей отырып, студенттерді тілін, елін сүйе білуге үйрету және тілдік орта қалыптастыру.
Бір апта бойы өтетін іс-шараларымыз салтанатты ашылу сәтінен бастап түрлі қызықты ойындар мен жарыстар өткізіледі. Мысалы патриоттық рухты көтеретін тақырыпта эссе байқауы, «Кім зерек?» интеллектуалды сайысы, «Біз қазақша сөйлейміз!» акциясы ұйымдастырылады. Сонымент қатар «Ең үздік эссе», «Ең үздік дубляж», «Ең үздік видео», «Ең үздік вайн», «Ең үздік постер» номинациялары бойынша сайыстар өтіп, студенттік ұйымдар дебат, КВЕСТ ойындарын ұйымдастырылады. Барлық байқаулар мен конкурстар жеңімпаздар мен апталықты өткізуге атсалысқан барша оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер марапатталады. Демеуші ретінде Астана қаласындағы БАҚ өкілдері, ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті, “Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» Корпоративтік Қоры және көптеген кәсіпкерлер қатысады.
Апталыққа Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары қатысып, студенттерімізге дәрістер оқып, рухани жан азығын сыйлап жатады.
нря4нря5нря6нря7ф1ф2ф5

«Шұғыла» және «Вдохновение» оқырмандар клубтары.
Студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында университетіміздің М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханада әр ай сайын оқырмандар клубы өтіп отырады. Студенттерге арнайы бір кітап оқуға беріледі де, белгіленген мерзімде оқырмандар шығарманы талдап, өз ой-пікірлерімен бөліседі. Клубта талқыланатын шығарма 1-курс студенттері мен «Батыр ұрпақ» студенттік ұйымы мүшелерінің арасында өтеді. Оқырмандар клубының басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген ықыласы мен ынтасын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
окрмкл17ок1ок2ок4

1-семестр
р/с Оқуға ұсынылатын шығарма Талқылау мерзімі Ұйымдастырушы Жауаптылар
1 Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы Қазан, 2018 жыл ф.ғ.к., доцент Зекенова А.Ж. Департамент оқытушылары
2 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы Қараша, 2018 жыл ф.ғ.к., доцент Дүсіпбаева Қ.С. Департамент оқытушылары
3 Қ.Жұмаділовтің «Бір түп тораңғы»,
«Бір қаланың тұрғындары» повестері;
«Тіленші»,
«Ақбураның асуы»,
«Жалдамалы күйеу» әңгімелері
Желтоқсан, 2018 жыл ф.ғ.к., доцент Оразгалиева Л.М. Департамент оқытушылары
4 Хоссейни Халед «Тысяча сияющих солнц» Қазан, 2018 жыл Исенова Ф.К. Исенова Ф.К.
5 Робин Шарма «Монах, который продал
свой «феррари»»
Қазан, 2018 жыл Исенова Ф.К. Исенова Ф.К.
6 Дэниэл Гоулмэн
«Эмоциональный интеллект»
Қараша, 2018 жыл Исенова Ф.К. Исенова Ф.К.
7 Дэниел Пинк «То, что
действительно нас мотивирует»
Желтоқсан, 2018 жыл Исенова Ф.К. Исенова Ф.К.