3333

Менде 2020-2021 оқу жылының 1-семестрында Академиялық қазақ тілі пәні болды. Оқытушы Ажар Жарылқасынқызы әрбір сабақты өте қызықты әрі сапалы өткізеді. Берілген уақыттың қалай тез өтіп кеткені байқалмай қалады, яғни осыдан мұғалімнің студенттердің назарын сабаққа толық аударта алатындығын байқадым.

 

 

 

 

Сейітбекова Ақбота, 1-курс, Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика


3333

Кемел елдің болашағы жан-жақты, білімді, заманауи жастардың қолында. Ал, кемел елдің, гүлденген елдің, дамыған елдің сақталуы көптеген факторлардың әсерінен туындайтын жәйт. Осы күнге дейін мектеп бітіруші ретінде қазақ тілі мен әдебиетін таңдап, дәл осындай үлкен мүмкіндікке ие боламын дп ойламаппын. Қазақ-ағылшын лингвистикасы қазақ тілінің жаңа бір деңгейге көтерілуіне септігін тигізетін тың бағдарлама.

Дәл осы мамандыққа түсерде көптеген күмән мен күдікті ойлардың шырмауында қалғаным рас. Алайда, 1-семестрді аяқтап болғаннан соң бәрінің де керісінше екенін түсіндім. Мен бұл мамандықты жаңа тренд дер едім. Себебі, оқып жатқан пәндеріміз заман талабына толығымен сай. Келешекте қазақ-ағылшын лингвистикасы мамандығын толық аяқтағаннан кейін қазақ тіліне жаңаша көзқарас пен тың серпін әкелетінімізге сенемін.

Айтпанбет Айым, 1- курс, Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика


3333

Қазіргі таңда жаһандану дәуірінің талаптарына сай лингвистика саласына жаңасаты мен даму қажететіледі. Бұған қадам ретінде елімізде жаңа данашылған «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» мамандығын алуға болады. Мен осы мамандықта білім алатыныма мақтанамын, шыны керек, біздің мамандыққа көп тұлғалар қызығушылықпен қарайды. Әсіресе тіл жанашырлары мен бізден ертеректе қазақ тілі мен әдебиетін таңдағандар. Мен өзімнен мықты лингвист маманды күтемін және осы жолда мамандық маған үлкен мүмкіндіктер беруде.

Біріншіден, бұл мамандық орыс тілінің көмегінсіз, ағылшын тілінен қазақ тілі ненемесе керісінше тіл тазалығын сақтай отырып, екі тілде еркін аударма жасайтын лингвист етеді.

Екіншіден, жұмыс берушілердің талаптарына сай жасалғандықтан, жұмыс табу мүмкіндігіміз жоғары.

Үшіншіден, қазақ тілін шет тілі ретінде үйрету, медиа-лингвистика, тіл және аударма саласын қоса оқытып, қосымша мамандық сертификаттарын алуға мүмкіндік береді. Бұл да өзкезегінде жан-жақты дамуға көмектеседі. Сондықтан мен осы бағдарламаның маған және мен сияқты қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған тілге жан ашыр жастарға жарқын болашақ болатынына сенімдімін.

Серік Мөлдір, 1-курс, Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика


444

Туризм мамандығының 3 курс студенті бола отырып, алғашқы университет қабырғасына келген сәттегі ең бірінші дәрістерді естен шығара қоймадым. Университеттегі алғашқы оқытушылар мен олардың дәрістері ерекше есте қалады. Осындай дәрістердің бірі – Иманқұлова Айжан Нұртасқызының жүргізіуімен өтетін “Философия” пәні. Философия ғылымының қаншалықты күрделі әрі ауқымдылығына қарамастан Айжан Нұртасқызы әрбір студентке ақпаратты оңай жеткізе білетін. Дәріс кезінде ерекше методика арқылы тақырыпты түсіндіре білсе, семинар кездерінде топ-топқа бөлініп, әртүрлі ойындар жүргізетін. Сондай-ақ сабақ барысында студенттің тақрыпқа байланысты өз ойын жеткізуіне аса көңіл бөліп, оны тыңдап біліп, әртүрлі дискуссия, дебаттар жүргізуге басты назар аударатын.


5555«M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ
«Экономика» мамандығы
2 курс студенті
Сатыбалды Айнұр

Әрбір студент оқытушының бойындағы жоғары біліктілігімен қатар оның қызметіне деген сүйіспеншілігінің болуын жоғары бағалайтындығы анық. Сондай үлгі тұтар оқытушы ретінде 1 курста «Қазақстан тарихы» пәнінен білім берген Кусаинова Жания Даулбаевнаны айта аламын.

Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына енді қадам басқан біз үшін оқытушылардың тым жоғары талабынан сескенген болатынбыз, алайда, ол кісілердің арасында бізге бар жан-тәнімен 150 минут аяқ бүкпей, түсіндіретін Жания Даулбаевнаны ерекше бағаладық. Себебі, Жания Дауылбаевна сабырлы, салмақты кейпімен сабақты түсінікті, әрі қызықты өткізетін. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық танымын арттыру мақсатында презентациялық немесе қойылым ретінде сабақтар болып тұратын. Бұл сабақтар мінезі тұйық студенттердің сабаққа деген ынтасын арттырғандығы сөзсіз. Осыдан ол кісінің өз ісіне деген жоғары жауапкершілігі мен әр студенттің бойындағы қасиетін ашуға қосқан еңбегін сезінетінбіз.

Жания Дауылбаевнаның жоғары талап қоя білетін қасиеті, сабаққа ерекше ықыласпен қарауымызға себеп болып, «Қазақстан тарихы» пәнінен мемелекеттік сынақты тобымызбен жоғары деңгейде тапсырдық. Бұл бізге үлкен қуаныш сыйлады. Сондықтан оқытушы ретіндегі жоғары білімі мен студент тарапымен жақсы қарым-қатынас орната алатын кісі ретінде әрдайым құрметпен қараймыз.

Жания Дауылбаевна –  біз үшін өз жұмысына мұқият қарайтын, ашық мінезді оқытушымыз және осы қасиеттерін ескере отырып, оқытушымыздың әлі талай жас өреннің қанат қағуына сеп боларына сенімдіміз.


dvhКез келген талапкер өзінің болашақ жаңа студенттік өмірін аңсайды. Мен де дәл солар сияқты өз университетімді таңдауда көп ойландым және M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-н таңдадым.

Егер КАЗГЮУ-дің білім беру жүйесі туралы айтатын болса, біз бірінші жыл алдымен, қызметі әр студенттің академиялық және шығармашылық дағдысын дамытуға бағытталған жалпы білім беру пәндері факультетінде білім алдық. Әр курс қызықты түрлі сабақтармен қатар, көшпелі саяхат пен қонақ дәрістердің өткізілуімен есте қалды. Жалпы білім беру пәндері факультетіне алған білімдеріміз үшін алғыс айтамыз! Шамиль Ванкеев (2 курстың студенті – Құқық қорғауқызметі).


yhjМен, Абдуманова Сабина, халықаралық құқық мамандығының 2 курс студенті, жалпы білім беру пәндері факультетінің даярлық бағдарламасын тәмамдадым. Жалпы білім беру даярлығы бағдарламасы жоғары курста қолданып жүрген білім алудағы практикалық дағдыларға үйретті.

Есте қалған ең жарқын сәттер – «Қазақстан тарихы» пәні бойынша театрландырылған қойылым, шетелдік, қазақстандық ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері өткізген қонақ дәрістер (жақсы есте қалған дәрістердің бірі М. Әуезовтің немересі – З.М. Әуезовамен кездесу болды), түрлі экскурсиялар (мұражайлар, театрлар, АЛЖИР лагері.), олимпиадалар, конференциялар және т.б. танымдық іс-шаралар. Абдуманова Сабина (2 курс студенті – Халықаралық құқық).