Magsut Narikbayev University Cambridge Preliminary ағылшын тілінде сөйлесу клубы

Magsut Narikbayev University Cambridge Preliminary ағылшын тілінде сөйлесу клубы B1 деңгейінде оқитын студенттерге арналған.

Клубтың мақсаты – білім алушылардың ағылшын тілінде айтылым дағдыларын дамыту. Клубқа қатысушылар ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, өзара тәжірибе алмасады. Көпшілік алдында сөйлеуге сенімділіктері артып, басқа студенттермен араласатын достық атмосферасын қалыптастырады. Клубтың онлайн форматта болуы студенттерге университетте жаңа достар табуға және коммуникативті дағдыларын іс жүзінде жетілдіруге мүмкіндік береді. Клубқа қатысушылар ағылшын тілі кафедрасының оқытушыларымен, шақырылған қонақтармен кездесіп, байланыс орнатып, қосымша мүмкіндіктерге ие болады.

Ағылшын тілінде сөйлесу клубының негізгі мақсаттары төмендегілерді қамтиды:

– В1 деңгейіндегі студенттің айтылым дағдысын жетілдіру және өзіне деген сенімділігін арттыру үшін қолайлы және бейресми атмосфераны құру.

– Клуб мүшелері арасында өмір, тәжірибе және білім туралы ақпарат алмасуға ықпал ету.

– Басқа студенттермен араласуға және көңіл көтеруге мүмкіндік беру.

Клуб отырыстары өтетін күндер мен тақырыптар туралы соңғы жаңалықтардан үнемі хабардар болу үшін Instagram желісіндегі mnu_sla парақшасына кіруді ұсынамыз.

Күні, уақыты, орны

Біз онлайн кездесулерді жұма 17:00 және сенбі 16:00 күндері өткіземіз.

Кездесудің өтетін орнын алдын ала хабарлаймыз.

Барлық сұрақтар бойынша +77013835730 ұялы телефоны арқылы хабарласыңыз.