«Қазіргі заманғы білім беру және көптілділік жағдайындағы парадигмалардың ауысуы» халықаралық ғылыми-практикалық семинар

2016 жылдың 8-9 ақпанында Астана қаласының Білім беру басқармасы, КАЗГЮУ Университеті (Қазақ және орыс тілдері кафедрасы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен (Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы) «Қазіргі заманғы білім беру және көптілділік жағдайындағы парадигмалардың ауысуы» халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының, Қазақстанның орта білім беретін мектептерінің, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері қатысты.  

Семинарда білім беру мәнінің өзгеруі кезеңінде тілдерді оқыту әдістмесінің өзекті мәселелері қарастырылды, «Назарбаев зияткерлік мектебі» желісінің оқытушыларымен  тәжіриб алмасу жүзеге асырылды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту саласындағы ұлттық жетістіктерге және оның болашағы мен дамуына талдау жүргізілді.  

Семинар бағдарламасында пленарлық отырыс, шығармашылық лабораториялар, секциялық отырыстар, ғалымдардың ғылыми-педагогикалық қызметтері мен ктаптардың таныстырулары қамтылған. «КАЗГЮУ Университет» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, PhD докторы, профессор М.М.Дауленов, ЖББП және ТД ЖМ директоры Р.Қ.Жолаев құттықтау сөз сөйледі.  Ұйымдастыру комитеті төрағасының бірі, қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, фиолол.ғ.д., профессор Ж.С.Бейсенова семинар жұмысы бағдарламасымен таныстырды.  

Пленарлық отырыста «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының директорының орынбасары педагогика ғылымдарының докторы Джадрина Мақпал Жұмабаевна «Мектепте білім берудегі инновациялық үдерістер» тақырыбында, МАПРЯЛ  вице-президенті, КазПРЯЛ президенті, филология ғылымдарының докторы, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Сулейменова Элеонора Дюсеновна «Электронды мәтіндер ғасырында нені және қалай оқыту керек?» тақырыбында баяндамалар жасады.

Семинардың бірінші бөлігінде педагогикалық лабораториялардан құрылды: «Қазақстандағы үштілді білім беру: ізденістер мен шешімдер», «Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлігі мен біліктілігін арттыру», «Сапалы білім беру стратегиясы: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесі». Одан өзге «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі мен әдебиеті» сияқты үш секцияда жұмыс жүргізілді.

Семинардың «Қазақстан филологтарының ғылыми-педагогикалық тәжірибесі: ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр» атты екінші бөлігі Қазақстанның көрнекті ғалымдары Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы, Нуртазина Рафика Бекеновна, Бейсенбаева Аида Аршабековна, Аманжолов Алтай Сарсенович, Султаньяев Огаз Арыстангалиевичтердің өмірі, қоғамдық, ғылыми және педагогикалық қызметіне арналған таныстыру-тұсаукесерімен жалғасты.  

Мұғалімдер мен оқытушылардың көмегіне сонымен қатар қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің жаңа кітаптары мен ұжымдық монографиялар ұсынылды:

  • Нарикбаев М. Жизнь. Время. Сзидание. – Астана, 2015.
  • Этносаяси сөздік/Этнополитический словарь / Тогжанов Е.Л., Садвокасова А.К., Калашникова Н.П., Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж. – Астана, 2014.
  • Сулейменова Э.Д. Өнегелі өмір. – Алматы, 2015.
  • Аманжолов А.С. Өнегелі өмір. – Алматы, 2014.

   –  Бейсенова Ж.С. Professional Lexicon in the vet surgery. – London:    Aitmatov Academy, 2014.

  • Каирбеков Б.Г. Навстречу солнцу. Дневник путешествий: стихи, эссе. – Алматы, 2014 и   другие.

Екі күндік семинар жұмысында билингвизм Қазақстандағы саяси қатысым дамуының басты негізі болып табылатыны, ал полилингвизмнің болуы этностардың мәдениетаралық өзара ықпалдасуының негізі болып табылатыны   айғақталды. Осы орайда Қазақстандағы дәстүр жалғастығы мен ғылыми мектептердің дәстүрлерін сипаттайтан кешенді зерттеулер, сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін көптілділік жағдайында оқытудың мәселелеріне қатысты зерттеулер ерекше мәнге ие болады .