КАЗГЮУ студенттері Елбасы мақаласын талқылады

КАЗГЮУ-да Елбасының “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауын және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласын талқылау бойынша ашық сессия өтті.

Сессия басында Жалпы білім беру пәндерінің мектебі Р.Қ. Жолаев, Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру орталығының профессорлары И.М.Акылбаева, Ж.Д.Кусаинова презентация жасады.

Сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы мен мақаласының негізгі ережелері талқыға салынды. Үшінші жаңғырудың цифрлық технологиялардың, жасанды интеллектінің, роботизацияның дамуы мен қолданылуы, “үлкен деректермен” алмасу, автоматтандыру, Made in Kazakhstan брендін ілгерілету сияқты жаңа басымдықтары мол қызығушылық тудырды.

Студенттер мен оқытушылар ҚР Президентінің Жолдауында көрініс тапқан заманауи білім беру жүйесіндегі стратегиялық мақсаттар бойынша өз пікірін білдіріп, оқу процесіне енгізілген сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, үштілді білім, жастардың патриотизмін тәрбиелеу секілді бәсекеге қабілетті дағдылардың қалыптасуын сөз етті.