КАЗГЮУ студенттері «Ромео және Джульетта» пьесанының қойылымын өткізді

Кеше КАЗГЮУ-дың сахнасында У. Шекспирдің аңызға айналған пьесасы қойылды. Кейіпкерлердің рөлдерін бірінші курстың студенттері сомдады. Сондай-ақ олар «Ағылшын тілді елдерге саяхат» скетчін де бейнеледі.

Тәжірибе көрсеткендей, шығармашылық іс-шараларды өткізу студенттерді ағылшын тілін үйренуге, актерлік ойын дағдыларын жетілдіруге және ақындық шеберлікті шыңдауға итермелейді.

Барлық актерлер өз рөлдерін Шекспирдің ана тілінде керемет сомдап, көрермендердің шынайы қошеметіне бөленді. Беташар қойылым аншлагпен өтті. Студенттер қойылымды ұйымдастырушыларға – ағылшын тілі кафедрасына және Ф.А. Туребековаға берілген тамаша мүмкіндік пен керемет кеш үшін алғыс білдірді.